23
февраль
2023
“Ғұндар қалай өмір сүрді?” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
23.02.2023ж күні бастауыш сынып мұғалімі Қалабаева Ұ.А. 2 "Б" сыныбымен дүниетану пәнінен “Ғұндар қалай өмір сүрді?” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында белсенді əдіс - тəсілдер қолданылды. Үй тапсырмасын тексеру кезеңінде "Сұрақты ұстап ал " əдісі арқылы балалар қойылған сұрақтарға жауап берді. Белсенді әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, топтық, жұптық, жеке жұмыстар орындатылды. Топтық жұмыста " бағдаршам " əдісімен балалар бір -бірін бағалады. Әр тапсырмадан соң мұғалім балаларды мақтап- мадақтап, балаларға қолдау білдіріп отырды. Жаңа сабақты бекіту кезеңінде мұғалім “Wordworl" платформасын пайдалана отырып, “Барабан" әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қойды. Балалар берілген сұрақтарға белсене жауап берді. Сабақ барысында барлық оқушыларға бірдей назар аударылды. Тапсырмалар қызықты, білім алушылардың деңгейіне сай құрылған. Оқушылар сабақ мақсатына жетті. Feedback “Жетістік баспалдығы” әдісі арқылы жүзеге асырылды.
