24
November
2021
Дұрыс тамақтану әлсіреген ағзаға көмек
Ағымдағы жылдың 24 қараша күні тәрбие жоспарына сәйкес 6 "А" сыныбында "Зиянды заттардың зардабы" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты: білім алушыларға зиянды заттардың түрлері және сипаттамасымен таныстырып, құрамындағы ағзаға кері әсерін тигізетін улы және токсинді заттардың өмір үшін қауіпті екенін түсіндіру. Сабақ барысында оқушыларға ситуациялық сұрақтар қойылды және "Зиянды заттар немесе пайдалы тамақтану" тақырыбында жағдаяттарға қатысып, өздеріне ненің пайдалы, ненің зиян екенін түсіне білді. Сонымен қатар, сабақта оқушылар дұрыс тамақтану ережесімен таныс болды. Осы орайда, оқушыларға пайдалы тағамдардың құрамындағы дәрумендер туралы мәлімет берілді. Оқушылар сабақ барысында мұғалімге сұрақ қойып, көптеген пайдалы ақпарат алды. Сынып жетекшісі: Мамбетниязова М.К.
