19
June
2023
Ата -аналар жиналысы
2023 жылдың 19 маусым күні 11 сынып білім алушыларының ата -аналарына жиналыс өткізілді. Жиналыстың күн тәртібінде 21 маусым күні өтетін аттестат алуға арналған іс-шарадан кейін балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне, заңды өкілсіз бейберекет жүрмеуіне, автокөлікпен шеру жасамауға, интернет клубтарға қатынауларына, тойханалар мен демалыс орындарында ата-анасыз жүрмеуіне, жолда жүру қауіпсіздігіне, зиянды заттарды (темекі, алкаголь, т.б.) пайдалануына қатысты мәселелер талқыланды. Жоғарыда аталған мәселелер бойынша бала қауіпсіздігінің қатаң сақталуы,құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары мектеп әкімшілігі тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескертілді.



