28
October
2022
Түсіндіру жұмыстары
Ағымдағы оқу жылының 28 қазан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде 5-11 сынып білім алушылары арасында 31-ші қазан мен 6-шы қараша күзгі демалыс кезінде әрбір оқушы өзін-өзі ұстау, көшеде, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстай білулері туралы, көшеде жүру ережесі туралы, үлкендермен сөйлесу әдебі туралы, кешкі мезгілде заңды өкілінсіз бей берекет жүрмеу туралы түсіндірілді. Сынып жетекшілерге білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ата-аналар чаттарына күзгі каникул кезіндегі қауіпсіздік туралы жадынамалар жіберіп, тығыз қарым-қатынас орнатып, құқық бұзушылық орын алған жағдайда мектеп әкімшілігіне дер кезінде хабар беру туралы ескертілді.

