07
September
2021
"Абайлаңыз - балалар!" атты жедел профилактикалық түсіндіру жұмыстары
Тұрар Рысқұлов атындағы #20 жалпы орта білім беретін мектебі.2021 жылдың 7 қыркүйек күні ҚР ІІМ-нің Zhambyl region бойынша департаментінің Меркі аудандық полиция бөлімі басшысының 2021 жылғы 23 тамыздағы #4226 хатына сәйкес, балардың жол - көлік жарақатының алдын алу мақсатында "Абайлаңыз - балалар!" атты жедел профилактикалық түсіндіру жұмыстары өткізілді. Акция барысында Меркі АІІБ-нің учаскелік полиция инспекторлары Халықов Білім Маликұлы, Айжарықов Бақытжан Бейсенович, мектеп психологтары Исаева Н.З, Назаралиева А.Т., ДҚТЖО Асель Онланбекова 8-9 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Білім алушыларға жаяу жүргіншілерге арналған жол қозғалысы ережесі туралы және жалпы қауіпсіздік шаралары, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірілді. Мектеп психологы Исаева Н.З "Буллинг-кибербуллингтің алдын алу" тақырыбында баяндама оқыды.


