11
November
2022
Мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Ағымдағы жылдың 11 қараша күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде семинар-тренинг және консилиум форматында мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер :
І бөлім. Семинар-тренинг
1. І тоқсан бойынша білім алушылардың білім сапасы.
2. Жасөспірімдердің өмір қауіпсіздігі мен құқық бұзушылықтың алдын алу.
3. «Жанды үй» психологиялық тренингі.
ІІ бөлім. Консилиум.
Пән мұғалімдері мен ата-аналардың сұқбаттасуы.
Алғы сөзді мектеп директоры Мырзаханов Н.Т. алып, ата-аналарды жиналыстың күн тәртібі және 2022-2023 оқу жылындағы мектептің мақсат,міндеттерімен таныстырып өтті.
Жиналыстың бірінші бөлімінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Лескенова З.Ш. І тоқсан бойынша білім алушылардың білім сапасы туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар, аудан прокуратурасының прокуроры Кусаинов Алихан Ғабитұлы, Ойтал ауылдық округі маңында орналасқан темір жол бекеті басшысы Серікбаев Мақсат Аманбаевич және учаскелік полиция инспекторы Б.У. Солтанаев оқушылардың қауіпсіздігі мен жалпы құқық бұзушылық мәселелері туралы сөз алды. Мектеп психологтары ата-аналармен отбасылық қарым –қатынас жөнінде тренингі өткізілді.
Жиналыстың екінші бөлімінде ата-аналар пән мұғалімдерімен сұқбаттаса отырып, балаларының оқу-тәрбие процесі жөнінде мәлімет алды.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/Ck018cogrPq/?utm_source=ig_web_copy_link