07
June
2023
“Қауіпсіз Жаз” тақырыбында викториналар, тренингтер өткізілді
Балалар - біздің басты байлығымыз. Балалар жарақатының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 6 маусымында мектеп жанындағы “Балауса” сауықтыру лагерінің тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен “Қауіпсіз Жаз” тақырыбында викториналар, тренингтер өткізілді. Оқушыларды жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыра отырып, білімдерін кеңейтіп, қауіпті жағдайлардан сақтана білуге үйретті. Алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстырды. Жеке бастарының қауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге түрлі ойындар, викториналар, тренингтар арқылы балаларды тәрбиеледі. Балалар өмірін жол көлік оқиғаларынан, тілсіз жау өрттен, тағы да басқа жағдайлардан сақтап қалу үлкендердің басты міндеті.

















