04
December
2018
«Қауіпсіз жол жүрісі» апталығы
Балалардың жол-көлік оқиғаларынан жарақаттануының алдын-алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысына байланысты дағдыларын нығайту, балалар мен жасөспірімдердің қыс мезгілінде өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектебімізде 12-18 қараша аралығында «Қауіпсіз жол жүрісі» апталығының жоспары жасалып, іс-шаралар ұйымдастырылды. Жоспарға сәйкес 1-4 бастауыш сыныптар арасында «Қауіпсіз жол жүрісі» тақырыбында ертеңгілік өтіп, оқушыға тәрбиелік мәні бар тәрбие сағаттары болды.

Жол-көлік апаттарының алдын алу, жүргізушілердің мәдениетін арттыру, көлік иелерінің ақ жолақ өтпесіне табаны тиген жаяу жүргіншілерге тоқтап, жолдан өткізулерін мақсат тұтқан«Айқын бол!» акция мектеп маңайында ұйымдастырылды. Дәл осы жердегі жаяу жүргіншілер жолағынан мектеп оқушылары жиі жүгіріп өтеді. Жол ережелерінің сақталуын қадағалаған мектеп мұғалімдері үнемі кезекшілік атқарады. Мұндағы басты мақсатымыз – жүргіншілер мен көлік иелерін жол үстінде абай болуға, жол ережелерін сақтауға шақыру, адам баласының амандығына екі тараптың да аса сақтықпен қарауын талап ету, жол жүру ережелерінің сақталуын қадағалау.
«Қауіпсіз жол» атты бүлдіршіндерді жолда дұрыс жүру ережесімен, бағдаршамның түстерімен және жол ережесінің белгілерімен таныстыру мақсатында жол ережесі, жол қауіпсіздігі туралы тәрбие сағаттары болды.
«Жүргізуші, менің өмірімді сақта!» акциясы мектепке балаларды әкелетін жүргізушілермен әскери жетекші Байбульдеков Н өткізді. Сонымен қатар мектеп инспекторы Айжарықов Б, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Абдуалиева Б, Оңланбекова А Сіздің жолаушыңыз бала!»атты ата- аналар жиналысын өткізіп, көлік жүргізушілердің қауіпсіз белдіктерді және автокөлік салонында балаларды тасымалдау кезінде балаларды ұстап қалу құралдарын қолдану керектігін, түсіндірді.