06
June
2022
«Құстар – біздің досымыз» тақырыбында қызықты сабақ өткізді
Құстар – табиғаттың керемет тіршілік иелері. Құстар – біздің досымыз.
Ағымдағы жылдың 6 маусымында балаларға экологиялық тәрбие беру бағытында «Күншуақ» тобының жетекшісі топ ішінде «Құстар – біздің досымыз» тақырыбында қызықты сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Балаларды жергілікті жердің құстарымен таныстырып, оны күтіп-баптауға,аялауға,оларға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу. Құстар туралы білімдерін толықтыру, құстарға деген сүйіспеншілік сезімге, қамқорлық жасауға тәрбиелеу, сөздік қорларын молайту. Балаларды табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу және экологиялық білімдерін толық ұғымға жетілдіру. Сабақ барысында балалар жұмбақтарды шешу арқылы қандай құс екенін анықтап, олардың қандай дыбыс шығаратынын айтты. Құстарға не үшін қамқорлық жасау керектігін, оларға қандай көмек көрсету түрлерін атап берді. Құстар туралы мақал – мәтел, тақпақ, тыйым сөздер айтты. Дидактикалық ойындар ойнатылып, балаладың қызығушылықтарын аша түсті.Тәрбиеші дайындаған материалдардан балалар құстарға ұя жасап, оларға міндетті түрде қамқорлық жасау керектігін түсінді.