01
June
2023
«Мен елімнің ертеңімін» атты бірыңғай сынып сағаттары өтті
Саяси қуғын- сүргін құрбандары жөнінде оқиғаны оқушыларға дұрыс терең түсінік беру, олардың саяси санасын ояту, оқушылардың адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру, оқушылардың бойына Отансүйгіштік, патриоттық сезімін, ерлік, батылдық, шындық, төзімділік, адамгершілік қасиеттерді дамыту. Саяси репрессия мен аштық құрбандарының есімдеріне құрмет таныту мақсатында 2023 жылдың 31 мамыр күні мектебіміздің 1-11 сыныптарында «Мен елімнің ертеңімін» атты бірыңғай сынып сағаттары өтті. Оқушылар сабақта саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы білімдерін тереңдетіп, Қазақстанның тарихи оқиғаларының мәнін терең түсініп, ойларын ортаға салды. «31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» орай қойылған бейнероликтен оқушылардың алары көп болды. Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің әдіскер- С.Метеркулова мен мектеп директоры- Н.Мырзаханов ашық сабақтарға қатысып, оқушыларғы сәттілік тілеп, ізгі ниет білдірді.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/Cs5dEGUADcV/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/Cs5dEGUADcV/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
