1 қыркүйек Білім күні мерекесі » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Version for
visually impaired
» » 1 қыркүйек Білім күні мерекесі
01
September
2022

1 қыркүйек Білім күні мерекесі

   Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылында 1 қыркүйек Білім күні мерекесіне- 1044 оқушы қамтылды. Мектеп директоры Нұрдаулет Талантұлы Мырзаханов мектеп ұжымын, ата-аналарды, 1 сынып бүлдіршіндерін Білім күні мерекесіне арналған «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты салтанатты жиында білім алушыларды құттықтап, ізгі тілек білдірді. Ал директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Ш.Лескенова орта білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдер айқындау туралы бұйрықпен таныстырып, барша ұстаздарды құттықтады. Салтанатты жиынға аудандық білім бөлімінің әдіскері- С.А.Метеркулова, Ойтал ауылдық округінің Ақсақалдар алқасының төрағасы- Ә.Ибақов, округ әкімінің орынбасары- Қ.Шакибаев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің арнайы мамандары- А.Әбдібай, Н.Жармұхамбет қатысып, 1 сынып оқушыларын Білім күні мерекесімен құттықтап, барлық білім алушыларға жылы лебіздерін білдірді. Мемлекеттік рәміздер – елдіктің символы, тәуелсіздігіміздің маңызды белгісі. Сол себепті оны кеңінен қолдану, қадірлеу, оның мән-мазмұнын білу қазақстандық патриотизмді қалыптастыру жағынан алғанда да өте өзекті. Биылғы жылы Мемлекеттік рәміздерге- 30 жыл толып отыр. Осы орайда өскелең ұрпақты еңбексүйгіштікке, отаншылдыққа тәрбиелеу, әр қазақстандықтың міндеті. Сонымен қатар өнерлі де дарынды бүлдіршіндеріміз Пернебай Бекарыс- «Қазақтай ел қайда», Жаңабай Нұрым- «Ұстазым», Рахметхан Асылбек пен Шілдебай Аружан- «Кел, балалар, оқылық!» атты әндерді тамылжыта орындады. Қоңырау соғу рәсімі мектебіміздің «Алтын» белгі үміткері Қарабай Нұрдаулет пен Сатыбалды Ақұлпаға және 1сынып білім алушылары- Нұртай Нұрасыл мен Тұрар Айдайға берілді. Салтанатты жиын соңында 1-11 сынып білім алушылары «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы сынып сағаттарын өтті. Сынып сағаттарына мектеп директоры- Н.Мырзаханов, аудандық білім бөлімінің әдіскері- С.Метеркулова және келген қонақтар қатысып, білім алушыларға дән риза болды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив