02
June
2022
«Мен елімнің ертеңімін» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды
Ағымдағы жылдың 2 маусымында «Балауса» сауықтыру лагерінде лагерь демалушылары арасында «Мен елімнің ертеңімін» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: жас жеткіншектерді Отанын құрметтей білуге, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат етіп тәрбиелеу. Көрмені ұйымдастыру барысында оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында Қазақстан Республикасы туралы сұрақтар қойылды, «Отан» деген сөздің мағынасын ашу мақсатында оқушылар Қазақстан, Отан туралы ой – пікірлерімен бөлісті.
Әрі қарай оқушылар өзінің туған жері, Отаны туралы ойларын суреттермен жалғастырды. Оқушылардың шығармашылығын қолдау мақсатында мақтау – мадақтар айтылып, оқушыларды шабыттандыру жұмыстары жүргізілді. Өз туындыларын тақтаға іліп, жасаған туындыларымен таныстырды.