02
June
2022
«Мен елімнің ертеңімін» тақырыбында жас жеткіншектер арасында ойындар сайысы
2022 жылдың 2 маусымында «Балауса» сауықтыру лагерінде «Мен елімнің ертеңімін» тақырыбында жас жеткіншектер арасында үйірме жетекшілерінің бастауымен ұлттық ойындар сайысы өткізілді. Мақсаты: ұлттық құндылықты сақтау негізінде оқушылардың арасында қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау, қазақтың ұлттық ойындары арқылы оқушылардың бойында ұлттық бірегейлікті сақтау, патриоттық сезімдерін жетілдіру.
Іс – шараның бастамас бұрын балаларды қазақтың ұлттық ойындарымен таныстыра отырып, ойын шартын бұзбай ойнау керектігін ескертті. Жарыс кезеңдері 3 кезеңнен тұрды: асық ату, арқан тартыс және қол күресі кезеңі. Әр командадан бес ойыншы қатысты. Ойын ойнау барысында балалардың ойлау, есте сақтау сынды қабілеттері, ойын кезінде қол моторикасын дамыту сияқты тапсырмалар көзделді.
Жеңген команда ойыншылары І, ІІ орындармен марапатталды.