13
March
2023
"Аталар жолымен, ағалар ізімен" тақырыбында кездесу өтті.
Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде "Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында "Аталар жолымен, ағалар ізімен" тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге 1969 жылғы түлегіміз – Ибаков Ашир ағаймен жүздестік. Кездесу барысында Ашир атамыз өзінің өмір жолымен таныстырып, еңбек еткен жылдар ағымындағы қиыншылықтары мен қызықтары жөнінде ой қозғады, көрген білгендерін, өмірден түйгендерін айтып, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу өте жоғары деңгейде өтті. Дәстүрге айналған бұл кездесуде білімгерлер көкейде жүрген көптеген сауалдарына жауап алып, қажетті және қызықты мағлұматтарға қанықты. Кездесу соңында А.Ибаков білімгерлерге разы болғандығын айтып, барлығына ақ жол тілеп, атаулы күнде айтулы шара ұйымдастырған мектеп ұжымына ақ батасын берді. Сонымен қатар мектеп директоры Н.Мырзаханов келген қонағымызға алғысын білдіріп, Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтап, қонақтармен естелік суреттерге түсті. Осындай өресі биік, айтар ақылы мен жастарға көрсетер өмірлік тәжірибелі жолы бар ағалармен кездесу болашақ мамандардың көз аясын кеңейтіп, көкірегіне көптеген саналы ойлар салуына түрткі болып, аталар жолымен, ағалар ізімен жүруге жүйелі көзқарастары қалыптасады деген сенімдемін.