15
April
2022
«Өлеңім- өмір айнасы» тақырыбында кездесу
Ағымдағы жылдың 15 сәуір күні мектебімізде «Өлеңім- өмір айнасы» тақырыбында Меркі аудандық Мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі- Шалабаев Мадияр Бақытжанұлы және Ратаев Нұрғисамен кездесу өтті. Сырлы сұқбатқа толы әсерлі кездесуде мектебіміздің білім алушылары және ұстаздар өңіріміздің танымал тұлғаларының өмірі мен шығармашылығынан, адами болмысы мен рухани әлемінен хабардар болды. Кездесу барысында мектеп оқушылары келген қонақтарға өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап алды. Әншілер өздері дайындап келген әндерін шырқап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Кездесуге қатысушылар өнер адамдарының жүрегін жарып шыққан жырларын тыңдап, өлеңдерінен рухани сусындап, керемет әсер алды. Кездесу соңында мектеп директоры- Нұрдаулет Талантұлы келген қонақтардың шығармашылығына ерекше табыс тілеп, сый-сияпаттарын тапсырып, құрмет көрсетті.

