01
March
2023
“Жаратылыстану - ғажайып әлем” атты айлығының ашылу салтанаты өткізілді.
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған, кезеңде оқушылардың жаратылыстану пәндер біліміне сауаттылық деңгейіне қойылатын талаптар да жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу – сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек. Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты – пәндік айлық болып саналады. 2023 жылдың 1-наурыз күні Тұрар Рысқұлов атындағы #20 ЖОББ мектебінде география, биология, химия және физика пәндерінің “Жаратылыстану - ғажайып әлем” атты айлығының ашылу салтанаты өткізілді. Айлықтың ашылуы мектебіміздің мың бұралған биші қыздарымыздың әсем биімен басталды. Салтанатты жиында пән мұғалімдерінің ұйымдастырылуымен “Жаратылыстану құпиясы” көрінісі, “Сен білесің бе?” айдары, “Қызықты жаратылыс жұмбақтары” сияқты түрлі ойындар жүргізілді. Сонымен қатар оқушылар пәндерге арнау өлең жолдарын оқып, пән мұғалімдері ән айтып, өз өнерлерін көрсетті. Бірлестік жетекшілері Г.А.Азильханова, Р.Р. Нурмашова айлықтың мақсатын атап, айлық барысында өтілетін іс-шаралармен таныстырды. Ашылу салтанатына қатысқан мектеп әкімшілігі пән мұғалімдерін айлықтың ашылуымен құттықтап, алдағы уақытта болатын іс-шаралардың өтуіне сәттілік тіледі.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/CpQCgzRgf7C/?utm_source=ig_web_copy_link
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/CpQCgzRgf7C/?utm_source=ig_web_copy_link
