06
февраль
2023
«Білім негізі – бастауышта» тақырыбында айлықтың ашылу салтанаты өткізілді
Тәуелсіз еліміздің жас ұрпағы саналы да білімді азамат, өмірдің барлық саласында белсенді, рухани тәрбиені бойына сіңірген, өз Отанына жанашыр азамат етіп тәрбиелеуде мектептің орны зор десек, ал оның негізін қалаушы – бастауыш сынып.
2023 жылдың 6 ақпанында Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде «Білім негізі – бастауышта» тақырыбында айлықтың ашылу салтанаты өткізілді. Айлықтың ашылу салтанаты ҚР Мемлекеттік Гимн орындаумен басталды. Ашылу салтанатында бастауыш сынып бүлдіршіндері мен мұғалімдері би билеп, ән айтып, өз өнерлерін көрсетті. Teachers арасында «Әріптер сыры» деп аталатын тренинг – ойын жүргізілді. Бастауыш сынып ӘБ жетекшісі Медетова Г.Е. айлықтың жоспарымен таныстырып, онда ашық сабақтар, конкурстар, жарыстар, сыныптан тыс іс-шаралардың өткізілетіндігін хабарлады. Ашылу салтанатының соңында директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу – ісі жөніндегі орынбасары Утегенова К.И. бастауыш сынып мұғалімдерін айлықтың ашылуымен құттықтап, алда болатын іс – шаралардың табысты өтуіне сәттілік тіледі.