Ағымдағы жылдың 24 қыркүйек күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің білім алушылары "Төрт тоқсан- төрт өнер" ұлттық мәдени ағартушылық жобасы аясында "Табиғат сұлулығы" тақырыбында шеберлік сынып жұмысын өткізді. Жұмыс барысында қатысушылардың шығармашылығында табиғаттың бинелеуін талдап, "Табиғат сұлулығы" тақырыбында Абай, Сәкен, Мұқағали сынды ақындардың бірін таңдап, оның табиғатқа арналған шығармаларын зерттеді. Қатысушылар "Табиғат сұлулығы" тақырыбында бірнеше жолдан тұратын өлең немесе шағын эссе жазу ұсынылды. Сабақтың мақсаты қатысушыларға табиғат сұлулығының мәнін түсіндіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.