«Қайталанбас дара тұлға» тақырыбындағы кеш » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Версия для
слабовидящих
» » «Қайталанбас дара тұлға» тақырыбындағы кеш
14
сентябрь
2022

«Қайталанбас дара тұлға» тақырыбындағы кеш

  2022 жылдың 14 қыркүйек күні мектебімізде ұлы дала перзенті, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, ақын, ғалым Асанбай Асқарұлы Асқаровтың 100 жылдық мерейтойына орай әдеби мұрасына арналған «Қайталанбас дара тұлға» тақырыбында әдеби кеш өтті. Шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен 8-11 сынып білім алушылары, кітапханашылар мен Ойтал ауылдық округі әкімінің орынбасары- Шакибаев Қанат мырза қатысты. Асанбай Асқарұлының өнегеге толы шығармашылығы мен үлгі болар өмірі туралы баяндалып, тұлғаны ерекше толғаныспен, сағынышпен, ілтипат – құрметпен еске алған мектеп директоры- Нұрдаулет Талантұлы және Ойтал ауылдық округі әкімінің орынбасары- Шакибаев Қанат мырза ізгі тілектерін білдірді. Асанбай Асқарұлының жазып қалдырған әрбір еңбегі күні бүгінде тарих ғылымы саласында құнды мәлімет болып табылса, жалпы адамдық адамгершілік қасиеттің де бір ұшқыны белең алады. Тыңдармандар ілтипатын білдіріп, алғыстарын жаудырған жиын ерекше әсер қалдырды. Шараға қатысушылар Асанбай Асқарұлының өмірімен, шығармашылығымен таныса келе, бейнеролик көрсетіліп, дарынды оқушыларымыз өнерлерін ортаға сала отырып, болашаққа бағдар, өнегелі өмірдің сипатынан рахаттанып, қоржындарын рухани азыққа толтырды. . «Қайталанбас дара тұлға» тақырыбындағы кеште өнерлі оқушыларымыз көркем сөзбен , гаухар көңілге толы пейіл – ниетпен ұйымдастырылған Асанбай Асқарұлы Асқаровтың әдеби мұрасына арналған кездесуде ерекше көрініс айбынын тапты.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив