07
июнь
2022
«Мақта қыз бен мысық» атты ертегі қойылымы өтті
Бала тәрбиесінде ертегінің атқарар рөлі зор. Оны ертеден - ақ тәрбие құралы ретінде қазақ халқы ғана емес, барлық ұлт, бүкіл ел қолданып келеді.
2022 жылдың 7 маусымында лагерь тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен лагерь тәрбиеленушілері арасында «Мақта қыз бен мысық» атты ертегі қойылымы өтті. Мақсаты: баланың рухани жан дүниесін байыту, балаға өмірдің құндылығын түсіндіру, өмірде орын алатын әртүрлі жағдайларға көзқарасын қалыптастыру, еңбексүйгіштік, адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу, жақсы әдеттерге үйрету.
Қойылым барысында балалар ертегі кейіпкерлерінің образдарын сомдап, өздерінің актерлік қабілеттерін көрсетті. Балалар өздерін ертегідегі кейіпкерлерге ұқсатып, өздеріне берілген кейіпкерлердің образын өте жақсы деңгейде алып шықты. Бірі актер болып, бірі көрермен болып, ертегі қойылымы балалар үшін қызықты болды. Қойылым өз мақсатына жетті: балалар ауызбіршілікте болуға, еңбекті сүюге, бір – бірін сыйлауға, құрметтеуге, өзгенің пікірімен санасу керектігін үйренді. Балаларға мерекелік көңіл – кдомсыйланып, өздерінің актерлік қырларын ашқан балаларға мақтау – мадақтар айтылып, қошемет көрсетілді.