30
март
2022
Бастауыш сынып ӘБ отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 30 наурыз күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББМ бастауыш сынып ӘБ отырысы өтті. Отырыс барысында мынадай мәселелер қарастырылды. 1. ІІІ-тоқсанның қорытындысы, сапа бағдарламаның орындалуы. 2.ӘБ айлығының өткізілу туралы есебі. 3. "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ұйымдастырылған жұмыстар. 4. Коучинг "Сабақтағы кері байланыс" 5.ББЖМ бойынша дайындық жұмыстары. 6. Баяндама " Критерий арқылы бағалау- оқушы білімін бағалаудың тиімді тәсілі". Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Утегенова К.И. ІІІ- тоқсанның қорытындысын және бағдарламаның орындалуы туралы қысқаша айтып өтті. ӘБ жетекшісі Медетова Г.И. 2-4 сыныптар арасындағы білім сапасының салыстырмалы мониторингін көрсетті. "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында сыныптарда арнайы бұрыштар ұйымдастырылды. Бастауыш сынып мұғалімі Абдувалиева Д.Т. "Сабақтағы кері байланыс" тақырыбында коучинг өткізді. 4 сынып білім алушыларының ББЖМ-ға сәйкес өткізген жұмыстары бойынша Турениязова З.М. таныстырып өтті. Нурманова Э.Б." Критерий арқылы бағалау - оқушы білімін бағалаудың тиімді тәсілі" тақырыбында баяндама оқыды. Қарастырылған мәселелер бойынша мұғалімдер ұсыныстарын айтып, қажетті шешімдер қабылданды.

