30
март
2022
«Менің домкітапханамдағы кітаптар» виртуалды кітап көрмесі
Ағымдағы жылдың көктемгі демалыс кезінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекзат Абдуалиеваның ұйымдастыруымен мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында бастауыш сынып оқушылары арасында «Менің домкітапханамдағы кітаптар» виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітабы көп домөзгеше сәнімен көз қызықтыратыны белгілі. Оқушылар өздерінің домкітапханасындағы кітаптарымен виртуалды түрде бөлісті. Кітап әлемі - ой әлемі. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасының, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы - көп жағдайда ата-анасынан алған үлгіге байланысты. Осы орайда балаларының қандай да бір іске қызығушылығын, бейімділігін байқап, түрлі бағыттар бойынша кітап қорын жинақтаған ата-аналарына алғыс білдіреміз. Кітап көрмесіне белсенділікпен қатысқан шәкірттердің жанарынан кітап оқуға деген қызығушылықты ғана байқауға болады.



