03
сентябрь
2021
«Абайлаңыз, балалар!»
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде «Абайлаңыз, балалар!» атты жол қауіпсіздігін сақтау іс-шаралары аясында оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, ережелерді есте сақтауға үйрету, жаяу жүргіншілер мен автокөлік жүргізушілерінің жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін ажырата білу, жол апаттарын болдырмау мақсатында мектеп кітапханасында 3 қыркүйек күні көрме ұйымдастырылып, оқушыларға таныстырылды.Сонымен қатар 1-11 сыныптарда «Жаяу жүргіншілерге арналған жол қозғалыс ережелері» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Балалар тәрбие сағатына белсене, қызығушылықпен қатысты. Сонымен қатар бастауыш сыныптарда «Жол тәртібін жадыңда ұста!» жол –көлік оқиғаларынан көрсетілімдер жас ерекшеліктеріне байланысты мультфильм, бейнефильмдер көрсетілді. Тәрбие сағатынан оқушылар жолда жүру ережесін меңгеріп, келе жатқан машинаның алдынан кесе жүгірмеу керек екендігі,жолда үнемі жүргіншілерге арналған жол арқылы жүру екендігін түсінді, басқа да көптеген ережелермен танысты. Жол тәртібін сақтау ережелерін түсіндіру шаралары мектебімізде жыл бойына атқарылады.
ДТЖО: Абдуалиева Б.М.

ДТЖО: Абдуалиева Б.М.
