18
август
2021
"ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ" онлайн байқауы
Тұрар Рысқұлов атындағы #20 жалпы орта білім беру мектебінде "ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ" онлайн байқауы басталғанын хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл агенттігінің Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы арасындағы баурмалдық, достық, татулық қарым қатынасты қалыптастыру, парасатты оқушыны, парасатты отбасының анықтау мақсатында "Парасатты отбасы" онлайн байқауын өткізеді. Байқауға әртүрлі қызмет саласында жұмыс атқаратын, қоғамдық іс - шаралары белсене араласатын, заманауи, креативті, жаң жақты отбасылар қатыса алады. Байқау ережесі бойынша аудандық және облыстық кезеңдерден тұрады. Қатысушылар әлеуметтік желілерде парасаттылық туралы ойлары және адалдықты насихаттайтын материалдар жариялау қажет. Оған қоса, парасаттылық, адамгершілік үлгілерін көрсететін 4-5 минуттық сапасы жоғары бейнеролик дайындап, әлеуметтік желілерге "Жамбыл- адалдық алаңы" жобалық офисін белгілеп Жамбыл адамдық алаңы хэштегімен орналастыру керек. Қорытындылау кезеңінде байқаудың қазылар алқасы үздік деп танылған отбасын анықтайды. Жұмыстарды қарау қорытындысы бойынша жүлделі "Парасатты отбасы" "Лучший оқырман отбасы" "Интеллектуалды отбасы" "Шығармашыл отбасы" "Көптілді отбасы" "Шеберлер отбасы" "Өнерлі отбасы" "Жомарт отбасы" "Саясатшы отбасы" "Өндірістегі үздік отбасы" "Ең сауатты отбасы" номинациялар беріледі. Облыстық байқаудың жеңімпаздары дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталады.
