27
май
2017
"Шаңырақ сыны" байқауы
Мектебімізде 5-6 сыныптар арасында отбасындағы тәрбие, мәдениеттілік, салт-дәстүрлерді сыйлау, «Мәңгілік ел» құндылықтарын нығайту мақсатында ата-аналар мен оқушыларға «Шаңырақ сыны» байқауы өтті.»Отбасы- тәрбие бастауы» демекші, отбасылық дәстүрлерді мақтан тұту мақсатында байқауға 6 «А» Қойшыбаевтар, 6 «Ә» Қалдыбаевтар, 6 «В» Шамшетовтер, 5 «А» Сабиевтер, 5 «Ә» Қойшымановтар, 5 «Б» Тәттібековтер отбасылары қатысты. Байқаудың шарты бойынша ата-аналар слайд жасап, өз отбасыларын таныстырып, сән үлгісінде отбасылық киімдерімен танылса, өнер сайысында клип қойып, әсем әуендер орындады. Байқауға барлық сыныптың ата-аналары мен оқушылары белсене қатысты.
Нәтижесінде: «Бас жүлде» 5 «А» Сабиевтер отбасы
І орын-6 «А» Қойшыбаевтар отбасы
ІІ орын- 5 «Б» Тәттібековтер отбасы
ІІІ орын-6 «Ә» Қалдыбаевтар, 6 «В» Шамшетовтер отбасылары иеленді.
Нәтижесінде: «Бас жүлде» 5 «А» Сабиевтер отбасы
І орын-6 «А» Қойшыбаевтар отбасы
ІІ орын- 5 «Б» Тәттібековтер отбасы
ІІІ орын-6 «Ә» Қалдыбаевтар, 6 «В» Шамшетовтер отбасылары иеленді.