Мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайын анықтап, ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
Ағымдағы жылдың 28-тамыз күні Тұрар Рысқұлов атындығы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде сақтық шараларын сақтай отырып, педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңесте «Мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайын анықтап, ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру» бойынша ДОІЖ орынбасары Утегенова К.И. баяндама жасады.

2021-2022 оқу жылында шектеу іс-шараларды, оның ішінде карантин кезеңіңде мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 13 тамыздағы №3-15-2/3162-И және Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасының 2021 жылғы 16 тамыздағы №03-4644 хаттарына сәйкес жүзеге асырылды.
2021-2022 оқу жылының тамыз есебі бойынша мектебімізде барлығы 95 отбасы, 229 оқушы үкіметтен бөлінетін жәрдемақы алады деп шешілді.Бұл ата-аналардың есепшоттары аудандық білім бөлімінің материалдық бөліміне өткізілді. Оның ішінде қамқорлыққа алынған 2 отбасы-3 оқушы, АӘК алатын 57 отбасы-133 оқушы және пед. кеңес шешімімен 36 отбасы-93 оқушы отбасы жағдайына байланысты ұсынылды. Ойтал ауылдық округі әкімдігімен мектептің әлеуметтік педагогтары бірлесе отырып, әлеуметтік–тұрмыстық жағдайларына байланысты акт толтырылды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылға 31 қазандағы №598 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында
білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру,сондай ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты 2021-2022 оқу жылында тамақтану сапасын бақылау мақсатында да комиссия құрылып, бекітілді. Бұл комиссия мүшелері жұмыс жоспарына сәйкес апталық тамақтану сапасын бақылау мониторингін жүргізіп отыратын болады.

