18
май
2021
Қорытынды аттестаттауды 2020 – 2021 оқу жылында ұйымдастыру
12.05.2021 жылы тарих бірлестігінде кезектен- тыс отырыс өтті. 5 мамыр 2021 жылдың 50 бұйрығы бойынша тақырыбы:«Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу іс – шаралары кезеңінде негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттауды 2020 – 2021 оқу жылында ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулығы» талқыланды. Пән мұғалімдері қорытынды аттестаттау бойынша жалпы ережелерімен танысты.Сонымен қатар «2020-2021 оқу жылындағы 26 мамыр – 19 маусым аралығында білім сапасын арттыру және шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында барлық тілек білдірген білім алушыларға сабақ берудегі жазғы мектепті ұйымдастыру туралы жоспар талқыланып,пән бойынша күнтізбелік жоспарлары бекітіліп берілді.




