

Тұрар Рысқұлов атындағы #20 ЖОББМ, ағылшын тілі әдістемелік бірлестігінде, мамыр айының 13- жұлдызында кезектен тыс отырыс өткізілді. Отырыста 26 мамыр-19 маусым аралығында білім сапасын арттыру және шектеу шаралары кезеңінде жіберілген олқылықтардың орнын толтыру мақсатында ұйымдастырылған "жазғы мектеп" бойынша ұсыныстар қаралды. Кезектен тыс отырыста ӘБ мұғалімдері жазғы мектеп бойынша ұсыныстар, КТЖ және ҚМЖ құрастыру, сабақ беретін мұғалімдерді анықтау, мәтінмен жұмыс және оқытудың оңтайлы әдіс-тәсілдері таңдау мәселелері талқыланды.