25
май
2024
«Мектебім, саған мың алғыс!» атты соңғы қоңырау салтанаты өтті.

Соңғы қоңырау- әрбір түлектің өміріндегі ең маңызды оқиға. Бұл жастардың адамгершілік пен ризашылық қасиеттерін, әлеуметтік белсенділіктерін дамытуға бағытталған. Жас түлектің тәуелсіз ересек өмірге көшуге қадам басқанын айқындайтын ерекше күн. Осы орайда ағымдағы жылдың 25 мамыр күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында 9-11сынып білім алушыларына салтанатты жиын өтті. Биылғы оқу тжылын 1023 оқушы аяқтаса, мектеп қабырғасынан 45 жас түлек ұшқалы отыр. Салтанатты іс-шараның құрметті қонағы ретінде Меркі ауданының әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы, аудандық білім бөлімнің басшысы Алтынбаева Айгерім Аханқызы, Ойтал ауылдық округінің әкімі Рахимбеков Арман Баетбаевич және ауыл ақсақалдары мен ата-аналар қатысты. Салтанатты жиында аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы түлектерге ыстық лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. Сап түзеген білім алушылар қонақтарға арнап ән-шашу тарту етті. Сонымен қатар, мектебіміздің 2004 жылғы мектеп түлектері салтанатты жиынға қатысып, «Жомарт түлек» жобасы аясында Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығына орай мектеп фойесіне Тұрар Рысқұловтың ескерткішін орналастырды. Ескерткіштің ашылу салтанаты ауыл ақсақалы Д.Қасымов пен аудан әкімі Ж. Баубековке берілді. Келген қонақтар мен мектеп әкімшілігі ескерткішке гүл шоқтарын қойып, естелікке суретке түсті. Сонымен қатар, мектеп ауласына «Түлектер аллеясын» ашып, 50 түп шырша орнатты.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C7Zg5-wJNMB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==