«Баланың тапқырлығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады?» » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Версия для
слабовидящих
» » «Баланың тапқырлығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады?»
22
январь
2024

«Баланың тапқырлығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады?»

  Ата-аналарды қолдау орталығының жылдық жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 22 қаңтар күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің 1-4 сыныптарының ата-аналарымен ата-аналардың үйде балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға бағытталған интеллектуалдық ойындар мен жаттығуларды қолдану дағдыларын дамыту мақсатында «Баланың тапқырлығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады?» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері- Ғ.Сарсебаева мен Ж.Нармағамбетованың ұйымдастыруымен сабақ өтті. Ж. Нармағамбетова ата-аналарды смартфон арқылы топтарға бөліп, ата аналарға баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы ойынның маңыздылығы, оның зияткерлік қабілеттерін дамытуға әсері туралы идеяларды қалыптастыру, ата-аналардың балалар ойындары туралы дамытушылық іс-әрекет пен дамытушылық ойындардың түрлері, оларды қолдану әдістері туралы білімдерін кеңейту, балалардың зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін ойындар мен жаттығуларды өз бетінше таңдау және қолдану қабілетін қалыптастыру тапсырмаларын бере отырып, ата- аналарды ұжымдық тапсырмаларға жұмылдырды. Ата-аналармен «Танысу тренингін» смартфондар жинау арқылы өткізе отырып, «Менің балам...», «Сол қолыңмен жазып көрші» тапсырма-ойындар және сұрақ-жауаптар беріп, ата-аналар өз ойларын ортаға салды. Ал, «Ана мен әке» караокесін ата-аналар үлкен тебіреніспен орындады. Топтық сабақ соңында ата-аналар «Бақыт деген не өзі?» жаттығуын орындап, балаларына тілек жазып, ойларымен бөлісті. Сабақты қорытындылау мақсатында 2 «А» сынып оқушылары- С.Жолдас пен Б.Жалғас «Бақыт деген..» әнімен сабаққа қатысушыларды тамсандырып, алғысқа бөленді. Абай атамыз әр заманда мәнін жоғалпайтын мынадай кеңес берген: «Адам – өз заманының перзенті. Жаман болса, замандастары кінәлі. Ендеше, жастарымызға біз – үлкендер (ата-аналар) жауаптымыз. Сондықтан пайдалы кеңестердің артығы болмас деп өз сөзін аяқтаған Ж.Нармағамбетова сабақты қорытындылап, ата-аналарға кері байланыс алып, ордендер табыс етті.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C2bh9V2N0E0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTYzOWQzNmJjMA== 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив