08
ноябрь
2023
«Ақыл айтпа жол көрсет!» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 8 қараша күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде 6-7 сынып білім алушыларының ата-аналарымен ата-аналардың балаларды жаңа жағдайға бейімдеу қабілеттерін дамыту мақсатында «Ақыл айтпа жол көрсет!» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Тренингті мектеп психологы- Н.Исаева ұйымдастырып,ата-аналарды жасөспірімнің физиологиялық (тұрғыда) бейімделуі, оның іс-әрекетін жақсарту жағдайлары, жасөспірімнің әлеуметтік-психологиялық бейімделуі: негізгі қиындықтар, жасөспірімдік жастың психо-физиологиялық ерекшеліктері және бала мінез-құлқындағы олардың көріністері, жасөспіріммен қалай жақсы байланыс орнатуға болатындығы туралы, сауатты тәрбиенің ережелерімен таныстырды. Сонымен қатар ата-аналармен «Шындыққа тура қара» эксперимент жаттығуын, “Жұбыңды тап” сергіту жаттығуларын жүргізіп, ата-аналарға психолог Юлия Гиппенрейтердің ата-аналарға арналған 20 кеңесін ұсынды. Семинар-тренингті директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Б.Абдуалиева қорытындылап, ата-аналарға жылы лебізін білдіріп, көтеріңкі көңіл-кдомсыйлады.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/p/CzYe7C1sFxg/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=NTYzOWQzNmJjMA==
Бейнежазба: https://www.instagram.com/p/CzYe7C1sFxg/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=NTYzOWQzNmJjMA==
