27
сентябрь
2023
Мамандық әлемі
Мамандық әлемі әрқилы және таңқаларлықтай және де әрбір мамандық маңызды. Барлығы қажет, бірақ әр қилы сұранысқа ие. Мамандық таңдауға жауапкершілікпен қарау керек, өйткені онымен сен барлық өміріңді байланыстырасың. Осы орайда ағымдағы оқу жылының 27-ші қыркүйек күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Б.Абдуалиеваның ұйымдастыруымен Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Әбдібай Айдын Алтынбекұлы және Меркі ауданы өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Лаубаев Әсетпен кездесу өтті. Кездесуде барысында 11 сынып білім алушыларға өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығы туралы таныстырып, қызметтің негізімен, авариялық-құтқару жұмыстарын жүгізу және өртті жою кезінде қолданылатын өрт сөндіру-техникалық жарақтармен таныстырды, сонымен қатар, өрт сөндірушілер тұрақты түрде арнайы жаттығулар өткізетіндігін, өрт орын алған жағдайда ептілік таныту және адамдарды құтқару үшін спортпен айналысатынын түсіндірді. «Мамандық таңдауға жауапкершілікпен қарау керек. Қандай мамандық таңдайтындықтарыңыз маңызды емес, маңыздысы адамдарға және елге қандай пайда алып келетіндігің». Кездесу соңында жоғарыда аталған маман иелері өрт сөндіру және басқа да төтенше жағдай бойынша жоғары буын және бастауыш сынып білім алушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жаднамалар таратты.











