«Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Версия для
слабовидящих
» » «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу»
27
октябрь
2023

«Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу»

  «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу»
2023 жылдың 27 қазанында Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ата-аналардың рефлексия және балалардың тәуелсіздігін қолдау дағдыларын дамыту мақсатында 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен “Родителям педагогикалық қолдау” бағдарламасы бойынша “Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу” тақырыптарында дәріс сағаты өтті. Сабақты Ж.Зеткулова мен Г.Саимова жүйелі ұйымдастырып, ата-аналар борышы, сүйіспеншілік, жеке тұлғаға деген құрмет, сенім, қамқорлық, ашықтық, адалдық, мейірімділік, қайырымдылық, оптимизм, позитивті ойлау, эмоционалдық интеллект, ынтымақтастыққа дайын болу қасиеттері мен ұлттық құндылықтарды сіңіру жұмыстарын жүргізді. Әлекметтік педагог- Г.Саимова ата –аналармен шеңбер құрып, 3 топқа бөліп, “Сіздің балаңыздың портреті”, “Жоғары сыныптағы балалардың дербестігін тәрбиелеу” жаттығуларын жасатып, «Көмек қол» тренингін жасаса, орыс тілі пәні мұғалімі- Ж.Зеткулова “Менің балам – тәуелсіз тұлға” жаттығуы арқылы ата-аналармен ой бөлісті. Сонымен қатар ата-аналар топта жұмыс жасай отырып, сауалнама сұрақтарына жауап берді. Кесте толтырды.
Жиналыс соңында ата-аналар рефлексия кезінде өздеріне ұнаған қызықты сәтті атап, келесі де осындай мақсаттағы сабақтар өз жалғасын тапса екен деген тілек білдірді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Бекзат Макеновна ата-аналармен өткен шара барысында жылы лебізін білдіріп, ата-аналар тарапынан білім алушыларға үнемі қолдау жасап отыру керектігін айта келе, жиналысқа қатысқан барша ата-анаға шексіз алғысын білдірді. Болашақта бала өмірінің жарқын болуына ата-ана мен мектеп бірдей үлес қосу керек. Осы жолда бірлігіміз нығайып, ұйымшылдығымыз ажырамасын. Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/Cy5S9V4sZan/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=NTYzOWQzNmJjMA== 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив