01
июнь
2023
31 мамыр- саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
31 мамыр- саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мектеп оқушыларына тауқыметті күндер туралы деректерді таныстырып, тарихи мағұлмат берді.Осы тақырыптағы бейнебаяндардан алған білімін тереңдету мақсатында өзара ой бөлісіп, пікір алмастырды.Қасіретті күндерде қара басының қамын емес, ел-жұртының тағдыры толғантқан ұлы есімдер мен олардың қилы өмірі сөз болды.Мектеп оқушыларына елім деп еміренген қазақ интеллегенциясының бетке ұстарлары: А.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, О. Жандосов, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, М. Тынышбаев, М. Жұмабаев. С. Асфендияров… суық қарудың көзіне ілінгендігі, яғни атылып кеткендігі туралы мәліметтер берілді. Жас буын өкілдері осы кезең аралығында Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырағандығы және 25 мың адам ату жазасына кесілгендігі, жалпы, 1930-1953 жылдар аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшырағандығынан хабардар болды. Оқушылар қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат ала отырып, өткенге ой жіберіп, осы күнге жете алмай, армандап өткен асыл ағаларымызды еске алу, ұмытпау – әрбір ұрпақтың парызы екендігін терең сезінді.
Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБЖ: Бейсебаева Ф.И.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/Cs5c-KhAABO/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБЖ: Бейсебаева Ф.И.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/Cs5c-KhAABO/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==
