26
май
2023
Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің кезекті V отырысы
2023 жылдың 26 мамыр күні қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің кезекті Ү отырысы болып өтті. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Бірінші мәселеде пән мұғалімі Карибаева Г. «Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру» тақырыбында, пән мұғалімі Тонбай М. «Эссе жазу стратегиясы» тақырыбында тәжірибе алаңына шығып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.Екінші мәселеде 9,11-сынып бітірушілерін ана тілі мен әдебиетінен қорытынды аттестаттауы және ЕНТ-нің есебі тыңдалды. Жауапты пән мұғалімдері білім алушылардың дайындығы туралы есеп берді. ӘБЖ Бейсебаева Ф.И. 9,11сынып білім алушыларына арналған қорытынды аттестаттау туралы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығын ескере келе, пән мұғалімдеріне 9,11 сынып білім алушыларына қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша ұсынымдарды жан-жақты таныстырып өтті. Соңғы үшінші мәселеде ІҮ тоқсандағы пән мұғалімдері мен 5-11-сынып білім алушыларының түрлі интеллектуалдық байқауларға, қашықтық олимпиадаларға қатысу мониторингісі, оқушылардың ғылыми жобаларға қатысу қорытындысы, пән мұғалімдерінің авторлық бағдарлама жасау қорытындысы, пән мұғалімдерінің шығармашылық есеп беру қорытындысы туралы есептер тыңдалды. ӘБ жылдық есебін қорыта келе, ӘБЖ Бейсебаева Ф.И. келесі оқу жылының мақсат-міндеттерін айқындады.
Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБЖ: Бейсебаева Ф.И.
Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБЖ: Бейсебаева Ф.И.

