05
январь
2023
Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің кезекті ІІІ отырысы болып өтті
2023 жылдың 05 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің кезекті ІІІ отырысы болып өтті. Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша пән мұғалімдері Мамыткеримова Э.Т. "Lesson Study жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер " тақырыбында, Амреева А.А. "Қазақ әдебиеті сабағында қолданылатын жаңа контенттер" тақырыбында тәжірибе алаңына шығып, өзара ой бөлісті.Пән мүғалімдері күнделікті сабақтарында аталған тақырыптарды ашу арқылы оның маңыздылығын, күтілетін нәтижелерін нақты әрекеттермен айқындады.Білім сапасын көтеруде қолданылып отырған әдіс-тәсілдердің тиімділігіне назар аударды.Екінші мәселеде ІІ тоқсан бойынша 5-11-сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің білім сапасы мен үлгерімінің қорытындысы, БЖБ, ТЖБ және модерация жұмыстарының орындалу қорытындысы талқыланды. ӘБЖ Бейсебаева Ф.И. ІІ тоқсанның білім сапасы І тоқсанмен салыстырғанда өскенін атап өтті, бұл пән мұғалімдерінің ізденісінің нәтижесі, шығармашылық жолдарын шыңдауы деп қорытты.Келесі мәселелерде ІІ тоқсан бойынша 9,11-сынып бітірушілерін ана тілі мен әдебиетінен қорытынды аттестаттауға және ЕНТ-ге дайындық, ББЖМ барысы бойынша 9,11-сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдерінің атқарған жұмыстары тыңдалды.Пән мұғалімдері әр білім алушымен атқарған жұмыстарын сараптап өтті.Соңғы мәселеде әр түрлі мәселелер қаралды.Атап айтқанда, PISA, TIMSS халықаралық зерттеу жұмыстарының дайындығы, 5-11-сынып білім алушыларының республикалық пәндік олимпиадаларға қатысуы, 5,10-сынып білім алушылардың бейімделуі, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру мақсатында өзге ұлт өкілдері арасындағы байқауларға қатысуы, "Тіл туралы" Заңның орындалуы, түрлі интеллектуалдық, ғылыми- шығармашылық байқаулар қорытындысы, 2022-2023 оқу ж
ылындағы мерейтойлық күнтізбелерді өткізу жағдайы талқыланды.Сөз соңында ӘБЖ: Бейсебаева Ф.И. бірлестік мүшелеріне алдағы уақыттарда шығармашылық табыс тілеп, кәсіби шыңдалу жолдарына сәттілік тіледі.
ылындағы мерейтойлық күнтізбелерді өткізу жағдайы талқыланды.Сөз соңында ӘБЖ: Бейсебаева Ф.И. бірлестік мүшелеріне алдағы уақыттарда шығармашылық табыс тілеп, кәсіби шыңдалу жолдарына сәттілік тіледі.
