13
март
2023
«Қазақтың ұлттық киімдерінен» көрме ұйымдастырылды
Наурыз мерекесі Қазақстан Республикасында мекендейтін халықтардың іргесі, сөгілмес бірліктің ынтымақ пен ырыстың мерекесі екендігін және қазақ халқының салт дәстүрлері мен халық ауыз әдебиетімен таныстырып, олардың рухани маңызын түсіндіру мақсатында Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде «22 наурыз-Наурыз мейрамы» күніне орай іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 13 наурыз күні «Әдеп пен ғұрып» жобасы аясында 8 сыныптар арасында «Қазақтың ұлттық киімдерінен» көрме ұйымдастырылды. Көрмеде ұлттық нақышта киінген білім алушылар ұлттық қолөнерге де тоқталып, таныстырып өтті. Көрмеде ұлттық киімдердің өзіне тән ерекше тігісі, ою-өрнегі, жас ерекшелігіне қарай киілетіні түсіндіріліп, топ-топқа бөлініп көрсетілді.













