14
март
2023
«Нұр Наурыз- халық тойы»
Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ға¬сырлар қойнауында жатыр. Осы ойындар негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене- шынықтыру ісінің негізін салды. Бұл бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пай¬даланудың зама¬нымызға сай ұр¬пақ тәрбиелеуде ора¬сан пайдасы тимек. Ойын әр баланың алдынан өмірдің жарқын сәттерін ашып, жеке қасиеттерімен біте қайнасып, әрі қарай дамуымен ұштасады. Осы орайда Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде «Нұр Наурыз- халық тойы» атты тақырыпты арқау еткен шарада ұлттық ойындарды жаңғырту мақсатында жарыс ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қатысушылар асық ату, арқан тарту, қол күрес, дойбы сынды ойын түрлерінен сайысқа түсті.
Арнайы жас ұрпаққа алдыңғы аға буын өкілдерінің өнегелі жолын үлгі етіп, ұлттық ойын түрлерін дәріптеу мақсатында өткізілген шара барысында жеңімпаздарға сый сияпаттар жасалып, дипломдар табысталды.




Арнайы жас ұрпаққа алдыңғы аға буын өкілдерінің өнегелі жолын үлгі етіп, ұлттық ойын түрлерін дәріптеу мақсатында өткізілген шара барысында жеңімпаздарға сый сияпаттар жасалып, дипломдар табысталды.





