24
февраль
2023
"Тиімді тамақтану" апталығы өткізілді
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогтарының жетекшілігімен тамақтандыруды ұйымдастыру жұмыс жоспары бойынша "Тиімді тамақтану" апталығы өткізілді. Апталық 5-9 сыныптар арасында концерттік бағдарлама аясында ұйымдастырылды. Бағдарлама барысында әндер шырқалып, қазақ ұлттық биі көрермендерге тарту етілді. Сонымен қатар ойындар өткізіліп, ойынға қатысушыларға сыйлықтар таратылды.
