06
март
2023
«Әдеп және ғұрып» жобасы
Ағымдағы жылдың 6 наурыз күні «Әдеп және ғұрып» жобасы аясында ұлттық қолөнерді дамыту, қолөнер шеберлеріне қолдау көрсету, бабадан қалған қолөнерді ұрпақ санасына сіңіріп, кәсіп ретінде дамыту мақсатында Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде "Менің әжем- асыл әжем" атты әжелер сайысы өтті. Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану үшін әжелер өз өнерлерін көрсетіп, үйден дайындап келген қолөнер бұйымдарының жасалу жолдарын түсіндірді. Мектеп әкімшілігі әжелерге ризашылығын білдіріп,"Алғыс хатпен" марапаттады.















