алғы күні, тәрбие сабақ
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББМ 28 ақпан күні 7 “Ә” сыныбында “1 наурыз-Алғыс айту күні” тақырыбында тәрбиесағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты білім алушыларды айналасындағы адамдарға, қоршаған ортаға, Отанға, туған жерге алғыс айту арқылы мейірімділік пен адалдыққа үйрету. Сабақ барысында “Жүректен-жүрекке” әдісі арқылы бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, “Алғыс ағашы” әдісі арқылы жақындарына алғысын жазды. Сынып жетекшісі: Елубаева Л. С.