"Балауса" сауықтыру лагерінің үшінші күні көңілді, қызықты
Ағымдағы жылдың 5 маусым күні "Балауса" сауықтыру лагерінің үшінші күні көңілді, қызықты ұйымдастырылды. Топ жетекшілері керемет көңіл-күймен бүлдіршіндерімізді қарсы алды. Таза ауада таңғы жаттығу жасап, керемет әуенге флешмоб биледі. Топ жетекшілері Турениязова З., Шолпанбаева Г. балалардың қолына түрлі бояуларды жағып, ақ қағаз бетіне түсірді. " Көгершін" топ жетекшісі Адильбекова Ж. саусақ маторикасын дамыту мақсатында қазақтың ұлттық оюлардың саусақ арқылы бояды. "Алтын балалық шақ"