09
декабрь
2024
«Үзілісте кітап оқу», «20 минуттық кітап оқу»
Өткізілген күні: 09.12.2024 ж.
Ұйымдастырылатың орны: мектеп кітапхана
Қатысушылар: 2 «В» сынып – 23 оқушылар
Мақсаты: оқу сауаттылығына тәрбиелеу, кітап оқуға, оның ішінде ертегі оқуға баулу
Сілтеме: https://www.facebook.com/100002006866006/videos/1137961804667539/
2024 жылы 9 желтоқсан күні Тұрар Рысқұлов атындағы № 20 ЖОББ мектеп кітапханасында кітапханашылар Насибулина М.Р., Абдраимова Г.Б. 2 «В» сынып білім алушыларына «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Үзілісте бірге кітап оқимыз» (20 минуттық кітап оқу) тақырыбында дауыстап оқу акция өткізілді.Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды.2 «В» сыныптың білім алушылары сынып жетекшісімен Тажибаева Д.А. бірге кітапханаға келіп, кітапханадағы кітаптармен танысып, бірге отырып кітап оқыды. Бір-бірімен ой бөлісіп, өздеріне ұнаған кітаптарын үйлеріне жаздыртып алып кетті.


