24
сентябрь
2022
Оқуға құштар мектеп
Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында отбасылық кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту, оқырмандардың жан дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастыру. Оқу мәдениетін қолдау мен дамытуда жалпы қоғам мен отбасының назарын аудару мақсатында қыркүйек айында «Бір отбасы-бір кітап» атты отбасымен бірге кітап оқимыз акциясы өтті. Кітап - адамзат баласының баға жетпес рухани құндылығы. Кітап білім мен тәрбие құралы ретінде жеке тұлғаны қалыптастыруда ерекше ықпалға ие. Оқырман мен кітаптың арасын жақындату мақсатында қолдан келген бар мүмкіндіктерді қолдану, отбасымен бірге әдеби кітап оқу- бүгінгі таңда басты дәстүрге айналып отыр.





