Іс-шаралар » Страница 65 » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Атадан мал қалғанша тал қалсын" деген қағидамен мектеп ауласына жеміс талдарын отырғызды.
17
март
2023
"Атадан мал қалғанша тал қалсын" деген қағидамен мектеп ауласына
 Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылының 17-наурыз күні мектеп ауласын жасыл желекке айналдыру,өскелең ұрпақтың бойында туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,Жер Ананы аялауға шақыру,патриотизмді нығайту мақсатында Ұлыстың ұлы күні Әз- Наурыз мерекесінің қарсаңында 11-сынып түлектері "Атадан мал қалғанша тал қалсын" деген қағидамен мектеп ауласына жеміс талдарын отырғызды.
«Ерке сылқым» күйі орындалды
17
март
2023
«Ерке сылқым» күйі орындалды
  Тұрар Рысқұлов атындағы ✓ 20 ЖОББ мектебінде ағымдағы жылдың 17.03 күні сағат 12:00 де Республика көлемінде жаппай біріңғай сынып сағаттарында «Ерке сылқым» күйі орындалды. Бұл шараның мақсаты: білім алушыларды ұлттық рух пен отансүйгіштікке тәрбиелеуге, елдің мәдени мұрасын сақтап балалар арасында ұлттық музыкалық аспапты насихаттау болды Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/Cp4oJO0AKfR/?utm_source=ig_web_copy_link 
"ҰЛТТЫҚ КИІМ - ҰРПАҚҚА МҰРА"
17
март
2023
"ҰЛТТЫҚ КИІМ - ҰРПАҚҚА МҰРА"
Қазақ халқының ұлттық киімдерінің көркем үлгілерін насихаттау және әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған құнды дүниелерді көрсету, қазақтың бағалы, көне ұлттық киімдеріндегі ою-өрнектерді сақтай отырып, заманға қарай ыңғайлы сан алуан әшекейлермен көмкерілген киімдерді күнделікті өмірде қолданысқа енгізу, ұлттық киімдер арқылы жастардың бойына патриоттық тәрбие беру мақсатында Наурыз мерекесіне орай Тұрар Рысқұлов атындағы #20 жалпы орта білім беретін мектебінің білім
“Мемлекеттік рәміздер- мақтанышым” атты челендж
16
март
2023
“Мемлекеттік рәміздер- мақтанышым” атты челендж
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/Cp1PaWEoYHD/?utm_source=ig_web_copy_link 
“Ғұрыпты сақтайық, сәлемдесіп жүрелік” тақырыбында бейнероликтер әзірлеу ұйымдастырылды
15
март
2023
“Ғұрыпты сақтайық, сәлемдесіп жүрелік” тақырыбында бейнероликтер
  Ағымдағы оқу жылының наурыз айында мектепішілік іс-шараға сәйкес “Ғұрыпты сақтайық, сәлемдесіп жүрелік” тақырыбында бейнероликтер әзірлеу ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға 8"В" сынып білім алушылары белсене ат салысып бейнеролик дайындады. Сынып жетекшісі: Малдыбаева Б.У Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/CpyjvDrIINF/?utm_source=ig_web_copy_link 
"Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні" атты мерекелік кеш өтті
15
март
2023
"Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні" атты мерекелік кеш өтті
  Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Жүректер жылуын таратқан көктемнің бақыт сыйы-Наурыз көп ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын Достық мерекесі. Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, салт-дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақтың әдет-ғұрпын, тіліміз бен дінімізді құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында ағымдағы жылдың 15 наурыз күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім
«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты оқушыларға арналған мерекелік флешмоб
15
март
2023
«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты оқушыларға арналған мерекелік
  Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 15 наурыз күні «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты оқушыларға арналған мерекелік флешмоб (Қара жорға биі) орындалып, 6 сынып білім алушыларынан- 60 оқушы биді нақышына келтіріп, сүйсіне орындады. Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/CpzqlojATkU/?utm_source=ig_web_copy_link 
“Бақ берекем, құт мерекем - әз Наурыз”
14
март
2023
“Бақ берекем, құт мерекем - әз Наурыз”
  Ағымдағы жылдың 14-наурыз күні Тұрар Рысқұлов атындағы #20 жалпы орта білім беретін мектебінде 22-наурыз - Наурыз мейрамы күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес 10 “Ә” сыныбы “Бақ берекем, құт мерекем - әз Наурыз” атты этнографиялық челленджді ұйыдастырып өткізді. Челлендж барысында Наурыз мерекесінің шығу тарихы туралы деректер келтіріліп, өлең жолдары мен бата-тілектер айтылды. Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/Cp4cxolApjN/?utm_source=ig_web_copy_link 
"Ұлы даланың қолөнері" тақырыбында мектеп фойесінде қолөнер көрмесі
14
март
2023
"Ұлы даланың қолөнері" тақырыбында мектеп фойесінде қолөнер көрмесі
  Мектебімізде білім алушыларды ұлттық қолөнерді дәріптеу, ісмерлікке, еңбекке баулу, ұқыптылыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу мақсатында 22 наурыз – Наурыз мейрамы күніне орай еңбек пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Ұлы даланың қолөнері" тақырыбында мектеп фойесінде қолөнер көрмесін ұйымдастырып, мектеп оқушылары жасаған шығармашылық жұмыстары қойылды. Балалар өздерінің қолдан жасаған ұлттық бұйымдарын, көктемнің ең әдемі көріністерін бейнеленген жұмыстарымен бөлісті.
«Ұлыстың Ұлы күні-әз Наурыз!» атты Бауырсақ пати
14
март
2023
«Ұлыстың Ұлы күні-әз Наурыз!» атты Бауырсақ пати
  «Ұлыстың Ұлы күні-әз Наурыз!» атты Бауырсақ пати бауырсақ тарту шарасы 14 наурыз күні 9 «А», «Ә», «Б», «В», «Г» сыныптары арасында өткізілді. Қазақ халқының ұлттық бренді- бауырсақты кеңінен насихаттау , мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын арттыру, береке, бірлікке , татулыққа шақыру, білім алушылардың бойында ұлттық сана сезімді ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілген іс-шарада әр сынып бауырсақтың түрлерімен таныстырып, жасалу жолдарымен бөлісті.  Бейнежазба: