04
сентябрь
2023
«Жас жол реттеуші» байқауы өтті.
Ағымдағы жылдың 4 қыркүйек күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің 6 сынып білім алушылары арасында «Жас жол реттеуші» байқауы өтті. Байқау жол қозғалысы ереже белгілері, қауіпсіз дөңгелек, жас реттеуші бағытында сұрақ-жауап арқылы және плакаттар қорғау арқылы жүрді. Шара барысында «Бағдаршам» командасы жол ережелері туралы төменгі сынып оқушыларына «Әрқашан жолың болсын!» парақшасын таратты. Осындай шаралардың нәтижесінде әрбір бала жолда жүру ережелеріне мұқият болуды, жол тәртібі қалай бұзылатынын, оны қалай реттейтінін жіті түсінді.





