27
август
2025
Дене шынықтыру пәні әдістемелік бірлестігінің 2024-2025 оқу жылын қорытындылау және 2025-2026 оқу жылына арналған І (тамыз) отырысы

Ағымдағы жылдың 27-тамыз күні Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні әдістемелік бірлестігі жиналысы өткізілді.
Отырыста төмендегі мәселелер қаралды:
2024-2025 оқу жылында атқарылған жұмыстарға талдау жасалды. Мұғалімдердің оқу әдістемелік, тәрбиелік, шығармашылық жұмыстары сараланып, жетістіктері мен кемшіліктері анықталды. Ұлттық мектеп лигасына дайындық пысықталды.
Әдістемелік нұсқау хаттар және жаңартылған оқу бағдарламалары зерделеніп, мұғалімдерге таныстырылды. Дене шынықтыру пәні бойынша оқу жүктемелері бөлінді. Жаңа оқу жылына арналған күнтізбелік жоспарлары талқыланып бекітуге ұсынылды