02
июнь
2025
9-сынып білім алушыларының қорытынды аттестаттауы өткізілді

2025 жылдың 02 маусым күні мектебімізде «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес негізгі орта білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруі бойынша 9 сынып білім алушыларының міндетті қорытынды аттестаттауы өткізілді. Міндетті қорытынды аттестаттауға 9 «А», 9 «Ә», 9 «Б» сыныптарынан 75 білім алушы (1 білім алушы үйде оқыту) жіберілді. Ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан (эссе) жұмысы 2 астрономиялық сағатта орындалды. Жазбаша емтихан (эссе) жұмысы коммуникативтілігі және тіл сапасы бойынша балл қою кестесіне сәйкес тексерілді: 9 сыныптарда пән бойынша қорытынды аттестаттау өткеннен кейін Комиссия білім алушыларға балдарды және емтихан бағаларын қояды және оларды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі орта білім беру деңгейіндегі оқу курсы емтиханының қағаз және электронды хаттамасына енгізеді. 9 сынып білім алушыларының пән бойынша қорытынды аттестаттау нәтижелері балл түрінде журналға (қағаз/электрондық) қойылады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес емтихан балдарын емтихан бағасына ауыстыру шәкілі бойынша ауыстырылады. Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБЖ: Бейсебаева Ф.И.