24
декабрь
2024
«Жаңа жыл мерекесі кезінде балалар қауіпсіздігі – басты назарда!»


Ағымдағы жылдың 24 желтоқсан күні мектепте жаңа жыл мерекесі қарсаңында 1-11 сынып оқушыларына және педагогтар мен ата аналарға «Бала қауіпсіздігін басты назарға ала отырып!» тақырыбында профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Онда шатырдан қар және мұз түсетін жерлерге ескерту белгілерін ілген жерде балаларға жүруге тыйым салынатындығы, жол қауіпсізідігі туралы, пиротехника бойынша қауіпсіздік туралы айтылып, доғалы прожекторларды, білтелер мен ұрғыштарды (хлопушкаларды) қолдануға, өрт тудыруы мүмкін фейерверк және басқа да жарықтық өртке қауіпті эффектілерді орнатуға. Шыршаны целлулоидты ойышықтармен, және де отқа қарсы қорғағыш құрамымен сіңдірілмеген мақта және марлямен безендіруге тыйым салынды. Тез жанғыш материалдардан балаларға киім кигізуге. Жанғыш, бояғыш және басқа да өрт қауіпті, жарылғыш жұмыстарын жүргізуге. Жайларды қараңғылату үшін терезелердің жапқыштарын қолдануға. Қатарлар арасының енін кеңейту және өту жолдарына қосымша орындықтар мен креслолар қоюға. Спектаклдер мен көріністер кезінде жайдың жарығын толық сөндіруге. Бекітілген нормадан жоғары көп адамдардың толуына жол берілмейтіндігі айтылды. Іс-шараларды өткізу кезінде сахнада және зал жайларында жауапты тұлғалардың, ерікті өрт сөндіру нысандары мүшелерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.