02
сентябрь
2025
Мектеп асханасында бір мезгіл ыстық тамақпен және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету туралы АНЫҚТАМА







АНЫҚТАМА
Ағымдағы жылдың 02 қыркүйек күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектеп директоры Спанкулова А.Р., ыстық тамаққа жауапты маман директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Утегенова К.И. мектепте берілетін бір мезгіл тегін ыстық тамақ бойынша ұйымдастыру жұмыстарын тексерді. Мектеп асханасына 84 білім алушыға арналған стол мен орындықтар, су ішетін екі ауыз су диспансері және екі су бұрқамасы қойылған. Білім алушыларды қауіпсіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында мектеп дәліздері мен асханасында ауыз су режимі ұйымдастырылған. Білім алушыларға І қабат бойынша ауыз су режимін ұйымдастыру жұмысы З.Алиеваға, мектеп асханасында ауыз су режимін ұйымдастыру жұмысы аспазшы Э.Абдумуталиеваға, ІІІ қабат бойынша ауыз су режимін ұйымдастыру жұмысы Ғ.Аккойлиеваға, бастауыш кіші корпус бойынша ауыз су режимін ұйымдастыру жұмысы Э.Ияроваға жүктелген.
Қайнаған ауыз суды 3 (үш) сағаттан ауыстырып отыру бойынша кесте жасалынып, бекітілген. I ауысымда – сағат 0800-де, сағат 1100-де, II ауысымда – сағат 1400-де, сағат 1700-де ауыстырылып отырылатын болады. Асханада екі су бұрқамасы бар. Мектеп асханасы жаңа оқу жылына дайын.